Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Астана қаласында өткен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы ақпарат
15-02-2019 16:06
Астана қаласында өткен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы ақпарат

2019 жылғы 14-15 ақпанда «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру-білім сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбында орта білім беру саласындағы республикалық оқу - әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Бірінші күні 2019 жылға РОӘК жұмыс жоспары талқыланып, отырыс бағдарламасы аясында қолданыстағы заңнамалық нормалардың талаптарын ескере отырып, білім сапасын басқару мәселелері қаралды, 10 сыныптың жаңартылған білім беру мазмұндағы оқу бағдарламасына көшуі және қазіргі мұғалімнің кәсіби дамуы туралы, сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі сабақты зерттеудің мәні талқыланды.