Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жусупов Ныгмет Муталяпович
26-12-2018 21:15
Жусупов Ныгмет Муталяпович

Инновациялық жобаның атауы

«Шекаралық аймақта тұруда рухани - адамгершілік және патриоттық тәрбие беру».

Жетекші идея

Елбасының балашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру.

Жоба мақсаты

Шекаралық ауылдар аймағында ұлтаралық достыққа ,рухани -адамнершілік,патриоттық тәрбие іске асыру үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай  жасау

Жоба міндеттері

  • білім ордасында оқушылардың бойында патриоттық сезімді ұялату
  • қайырымды істерді жасай білуге үйрету
  • ел мен жердің қадір-қаситетін сіңіре білу

Қолдану саласы

Тәрбие үдерісінде қолдану

Жобаның қысқаша андатпасы

Бұл жоба мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер, алғашқы әскери дайындық пәнінен мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Бүгінгі таңда қоғам мен мектептің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттердің бірі – жеткеншіктерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады.

Бұл жобада рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбие бағытында екі шекаралас мектептің тәжірибесі көрсетілген.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі

2018-2019 оқу жылы жобаны жүзеге асырудың соңғыжылы.Тәжірибе  таратуға дайын.

Қолданудан күтілетін нәтижелер

Бүгінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында Северный жалпы орта білім беру мектебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқушылардың бойына патриоттық сезім, туған жерге құрметін арттыру мақсатында көптеген рухани - адамгершілік, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда , аталған іс-шараларымызды мұнымен шектемей, үздіксіз жүргізіп отыратын болсақ , сонда ғана елбасымыздың салиқалы терең бағдарламалық мақаласындағы идеяларды жүзеге асыра аламыз. Күтілетін нәтиже осы тың идеялар арқылы біз ұлт болашағының жарқын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шекаралық аймақта тұруда рухани - адамгершілік

және патриоттық тәрбие беру

Шекаралық ауылдар аймағында ұлтаралық достыққа, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені іске асыру үшін ұйымдастырушылық - педагогикалық жағдай жасау. Шекаралық ауылдар аймағында ұлтаралық достыққа, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені іске асыру үшін ұйымдастырушылық –педагогикалық жағдай жасау.Жобаның міндеттері:

  • Білім ордасында оқушылардың бойында патриоттық сезімді ұялату.
  • Қайырымды істерді жасай білуге үйрету.
  • Ел мен жердің қадір-қасиетін сіңіре білу.

 Оқушыларға арналған сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар, тәрбие сағаттары, оқушылардың, мұғалімдердің  ғылыми-іздену жобалары.     

Жобаны іске асыру кезеңдері:  1 кезең: 2016-2017 ж.ж.

                                                     2 кезең: 2017-2018 ж.ж.

                                                          3 кезең 2018-2019 ж.ж.

1.Қазақтың танымал тұлғалары туралы хабарларының төмендігі:

  • Шокан Уәлиханов, Мубарак Жаманбалинов, Иса Байзаков.

2. Туған жердің тарихын, толығымен білмеуі

Сауалнаманың қорытындысы бойынша 5-11 сынып оқушыларының отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерді 30% ғана орындайды. Бата беруді 45 % отбасында ер балаларға үйретеді.

Көбінесе бала тәрбиелеуімен отбасында, мектепте әйел адамдар айналысады. Мониторингке қарасақ, педагогтардың көбі әйелдер қауымы.Біздің қоғамның проблемалық мәселелердің бірі-балаларды ерлікке тәрбиелеу. Ұл баланың тәрбиесі мен қыз баланың тәрбиесінің ерекшеліктеріне қарай іске асыру.

3.Шекаралық ынтымақтастықтағы Омбы өңірінің ұлттық компонентті мектептерінде қазақстандық мәдени құндылықтардың дәріптелмеуі

2016-2017 оқу жылы.

  • Аналитика диагностикалық қызмет, екі шекаралас ауылдарда патриоттық тәрбиенің деңгейін анықтау;
  • бағдарламаны іске асыруға жағдай жасау;
  • екі шекаралас мектептегі ұлт құрамының мониторингі;
  • ұлттық салт-дәстүрлерге, ұлттық құндылықтарға негізделген шекаралас мектептердің мәдени қарым-қатынас мониторингі;
  • оқушылардың әскери қызмет туралы түсініктерін қалыптастыру.

2017–2018оқу жылы:

  • педагогикалық қарым-қатынас аймағын кеңейту, екі ауданның (Ертіс, Нововаршав);
  • шекаралық застава, ардагерлер кеңесі, ауыл әкімшілгімен және басқа ведомстволармен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
  • жұмыс ұйымдастыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану.
    •  жылы:

          коррекциялық жұмыс өткізіледі;

    жаңа жұмыс түрлері енгізіледі;

         Омбы өңірінің ұлттық компонентті мектептерінде «Рухани Жаңғыру»                          

          ұлттық бағдарламасымен таныстру;

         бірегей тәрбиелік жүйе құрастырылады;

         екі шекаралық мектептердің патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие   

         бағытындағы тәжірибесімен бөлісу, тарату;

         жаңа шағын жобалар құрастыру.

Мектептің ауылға, ауылдың мектепке өзара әсері