Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Кабылова Айсұлу Мажитовна
26-12-2018 21:13
Кабылова Айсұлу Мажитовна

Инновациялық жобаның атауы

Тәрбиедегі құндылықтарға бағытталған іс-әрекеттер арқылы оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

Жетекші идея

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының аясында оқушылардың   көшбасшылық қабілеттерін ұштаудың тиімділігі

Жоба мақсаты

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу

Жоба міндеттері

1.Оқушылар  қабілеттерін табу және талдау,

2.Өз мүмкіншіліктерін анықтау.

3.Өзгеше әрекет етуді үйрену.

Қолдану саласы

Тәрбие жұмысы

Жобаның қысқаша андатпасы

    Көшбасшы – топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жан-жақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, көшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі тиеді. Оқушы бойында көшбасшылықты жандандыратын қажетті функциялар.

     

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі

Мектептің тәрбие жұмысы үрдісіне енді.

Қолданудан күтілетін нәтижелер

Жоба  тәрбие үрдісіндегі әдістемелік құрал ретінінде пайдалануға болады. 

                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиедегі құндылықтарға бағытталған іс-әрекеттер арқылы

оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының аясында оқушылардың   көшбасшылық қабілеттерін ұштаудың тиімділігі.

Жоба мақсаты: Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу

Жоба міндеттері:

1.Оқушылар  қабілеттерін табу және талдау,

2.Өз мүмкіншіліктерін анықтау.

3.Өзгеше әрекет етуді үйрену.

 Көшбасшы – топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жан-жақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, көшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі тиеді. Оқушы бойында көшбасшылық құндылықтары жанданады.

 

 

 

МӘНІ:    Қанаттары қатаймаған, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер – жуылып-шайылған, ұйысқаны жазылып- түтілген,  яғни тәрбиенің алтын діңгегі – отбасының тәлімінде, ата-аналарының аялауында өскен бүлдіршіндер  -  үлпілдек жүн тәрізді.
    Ұршық аспабының өзі – оқушы зердесіне білім негіздерін тоқушы – ұстаздар ұжымы. Ұршық тың айналған кезіндегі жіптің иірілуі  немесе иірілген жіп – 11 жыл бойы  білім нәрімен сусындаған  белбуын ұрпақ.
    Айналған ұршық - шыр көбелек айналған өмір.
Жіптен тоқылған бұйымдар –   21 ғасыр дағдыларының түйінді құзыреттерін игерген,  білімін адамзаттың игілігіне жарата білетін мәдени өресі биік тұлға іспеттес.

  Тамырынан қол үзген халықтың болашағы жоқ» демекші, тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке тағылымы терең руханият  құндылықтардың сарқылмас бұлағынан сусындау -  адастырмас сара жолдың өзектілігін  жоймайтыны хақ.

 

 

МАҚСАТ-МІНДЕТІ

v       Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

v      Балалар мен жастарды ұрпақ алдында әлеуметтік, тағиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

v     Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

v     Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.

v     Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз тәрбиеленуіне  қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапарларын қалыптастыру;

v     Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.

v     Балалр мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен  түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.

v   Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

 

 Клуб аты:СЫР САНДЫҚ

      Ұраны:Ата салтын –асыл мұрам, ардағым,

                    Бабалардың мирас еткен арманы.

                    Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,

                    Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

       Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. Ер жігіттің жүйрік аты - қанаты. Қыран бүркіт - қуаты. Құмай тазысы  - абыройын асырар сенімді серігі. Берен мылтығы - қаҝарлы оты. Қандыауыз қақпаны  - серті, майланған ауы  - әдіс-айласы, өткір кездігі - сұсы. Халық  Жеті қазынаны  өмір қажетіне негіз етіп таратқан Қазақ халқының Жеті қазынаны - жеті ырыс деп атауының да  мәні осында.

        Салт-дәстүрлі ел мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрімен,  өнегелі әдет-ғұрыппен,үлгіні жөн-жосықпен, әдепті  ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық  тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Дана халықтың өзі жасаған осы  әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану -ағайынды адастырмас сара жол.

   Патриотизм (грек сөзі) - Отанымыздың гүлденуіне, экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді.

           Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғарғы патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышын орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

          Патриоттық тәрбие жүйесі оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі әлеуметтік маңызды құндылықтарды, азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыру мен дамытуды, еңбек ұжымдары мен әскери қоғамдық ұйымдарда бұқаралық-тәрбие жұмысын жүргізуді зерделеуге бағытталған қызметін жүзеге асыруды көздейді. Осы орайда алғашқы әскери дайындық сабақтарының өскелеңұрпақты  патриотизмге тәрбиелеудегі ролі ерекше зор.

          Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.

          Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

          Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

           Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін

меңгеру негізінде дамыту.

           Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту.

 

 

 

 

«Сұңқар»   бөлімшесінің сарбаздары

 

Экономикалық компания

Экономикалық тәрбие дегеніміз балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.

Экономикалық компания жүргізудің басты мақсаты басты мақсаты:

v  Дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, экономиялық мәдениеті жетілген ,адамгершілігі мол және білікті тұлға даярлау.

v  Өскелең ұрпақтың бойына эканомиялық білім,біліктілік,өмірлеріне азық болар қаржылық сауаттылығын бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды анықтауға,олардың әлеуеттік және кәсіби дамуына жағдай жасау

Біздің    негізгі    құндылықтарымыз: 

           Ашықтық,  жариялылық, өзара  түсіністік,  қол

          жетімділік,  сенімділік,  сапалылық,  инновациялық.

Ұсынылған тауардың ерешелігі:  

Қолдану аймағы: Павлодар қаласы, Ленин көшесі 125, ММ «Жас дарын»  мектебінің ауласы

Тауардың  тұтынушылары (қызмет):   позитивті жандарға

Бәсекелес тауарлардан өзгешелігі:

1.   Қызмет көрсету сапасы жоғары, құны нарықтық бағадан  2 есе төмен, қолжетімді.

2.   Көтеріңкі  көңіл күй, бой сергіту, самал жел, шаттық күлкі  сыйлайды. 

           Көңіл күй - адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға қатынасының көрінісі. Сүйіспеншілік, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Жақсы көңіл күй, адал ниет, ақкөңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, тіпті бақытқа қол жеткізуге де болады. Ендеше, айналамызға шуақ шашатын жарқыраған күндей, көңіл кірін кетіретінде таза мөлдір бұлақ секілді болып өсуге талпына