Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Бельгибаева Гульшакер Кабдылманатовна
26-12-2018 21:09
Бельгибаева Гульшакер Кабдылманатовна

Инновациялық жобаның атауы

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тәрбие ісін жүргізудің тиімді жолдары

Жетекші идея

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың негізі

Жоба мақсаты

Мектептің тәрбие жүйесіне Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінен алынған жобаларды енгізу жұмыстарын ұйымдастыру

Жоба міндеттері

Мектеп тәжірибесіне еңгізілген жаңа әдіс – тәсілдерді талдау, олардың тиімділігін дәлелдеу.

Тәжірибе бөлісу.

Қолдану саласы

Мектептің тәрбие жүйесі

Жобаның қысқаша андатпасы

Елбасы Қазақстан Республикасының халқына деген жолдауында барлық мемлекеттік орта білім беру орындарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің стандарттарына келтіру міндетін нақтылап белгілеп берді. Ендігі жерде Еуропа үлгісіндегі үздік мектептердің тәжірибесін тек НЗМ ғана емес, еліміздегі барлық мектептерге енгізсе, сапалы жеткіншектер тәрбиелеуге мол мүмкіндік туады. Сонымен қатар, мектептің тәрбие жүйесіне енгізіліп жатқан жобалар басты рухани құндылықтарды айқын анықтаған Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда қосып жатқан үлесі зор, тиімді жолдардың бірі болып табылады.   

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі

Жобалар абробациядан өткізілді. Мектептің тәрбие жүйесіне енгізілді.

Қолданудан күтілетін нәтижелер

Жұмыста көрсетіліп, талданатын жаңа әдіс – тәсілдер, жобалар оқушының жан – жақты дамуына, рухани баюына өз септігін тигізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тәрбие ісін жүргізудің тиімді жолдары

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Павлодар қаласының  «Жас дарын» мамандандырылған мектебі» ММ   Президенттің 1996 жылғы  24 мамырдағы № 3002 «Дарынды балаларға арналған мектепке мемлекеттік қолдау, дамыту туралы» өкіміне сәйкес Павлодар қаласында Павлодар облысы әкімінің 1999 жылғы 19 тамыздағы шешімі негізінде ашылған болатын. Мектеп тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы, тәрбие жүйесінің моделі құрастырылған. 

Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана алатын, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдай алатын, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті білімді, тәрбиелі, ақпараттық мәдениетті (компьютерді және техникалық құрал-жабдықтарды еркін пайдалану) көптілді(үш тілде жазбаша және ауызша еркін қарым – қатынас жасай алатын полимәдениетті тұлға ), креативті (терең қазатын, айқын көретін, алысқа сүңгитін, күнді жарқыратып, келешекке құшақ жаятын, яғни өзін креативтілік тұрғысынан ұйымдастыра білетін), қоғамымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын, көшбасшылық қасиеттері дамыған, еңбекқор, патриот түлек тұлғасын (элита) қалыптастыру. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделіп  отыр: оқушыларды құбылмалы  ортаға бейімделе алуына үйрету, көмектесу; оқушылар бойында проблеманы шешу, әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау, өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеттерін дамытуға жағдай жасау; ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбилеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жоспары келесі құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:  

  • Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің  І – ХІ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы;

  -    ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 15 қаңтарында №176 бекітілген

       2016-2019 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы;

  • БҰҰ бала құқықтары туралы конвенция, ҚР «Білім туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы конвенция;
  • Павлодар облысының білім беру басқармасының тәрбие жұмысының жоспары.

 Мектептің жылдық тәрбие жоспарында Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, оқушылардың бос уақытын қамту, оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын іске асыруға бағытталған шаралар жоспарланған.

Жоспарға көп жылдар бойы қалыптасқан, дәстүрге айналған шаралар туралы айтатын болсақ, олар: «Үздік бизнес – жоспар», «Экономикалық кампания», «Саптық шеру», «Өзін-өзі басқару күні», «Жұлдызды жаңбыр», «Күзгі бал», «Жыл оқушысы», «Жыл ата-анасы», «Жыл мұғалімі», «Ботақан»  т.б.

Елбасы Қазақстан Республикасының халқына деген жолдауында барлық мемлекеттік орта білім беру орындарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің стандарттарына келтіру міндетін нақтылап белгілеп берді. Сол себепті, Павлодар облысының білім басқармасының шешімі бойынша «Жас дарын» мектебі 2012 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс – тәжірибесін тасмалдау мектебі болып тағайындалған болатын. Алты жылдың ішінде көптеген жұмыс жасалды. Мектептің оқу – тәрбие үрдісіне жаңа жобалар енгізіліп, өз нәтижесін беруде. Мектеп ұстаздары облыстық, республикалық деңгейде семинарлар ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбие жүйесіне бірінші жылдан бастап енгізілген «Ақпараттық жиындар», «Флеш-моб», «Бір аптаға-бір көшбасшы», «Рейтинг» сынды жобалар жүйеге қойылып, мектептің дәстүрлі шараларына айналды. Дегенмен, жұмыс алдыға бассын десек, заман ағымына сай жаңалықтар мен өзгерістерді әрдайым енгізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұжыммен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын талдау барысында осы бағыттағы мақсаттарға жету жолдары қарастырылды. Арнайы шығармашылық топ құрылып, апробациядан өткізу үшін «Кітаппен сырласу», «Менің кішіОтаным», «Теңбе – тең», «Патриоттық әндер», «Туған елге тағзым», «Тайм – менеджмент» жобаларды енгізу ұсынылды. Н.А.Назарбаев: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», - деп айтқан болатын.   Елбасының осы сөздерін негізге ала отырып, оқушылар  арасында ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді насихаттайтын тиімді шаралар жоспары құрылып, жұмыс жүргізілуде.

Мектептің тәрбие жүйесіне енгізілген тиімді жобалардың бірі – оқушылардың «Шаңырақ» қауымдастырығы.

Қазіргі білім беру жүйесінде балалар жасына байланысты топтарға, сыныптарға біріктіру дәстүрге айналған (балабақшада, мектепте, оқу орындарында). Осылайша, өмірінің алғашқы 17 жылда адамның қоршауы - оның құрдастары. Тек жоғары оқу орнынын бітіргеннен кейін немесе жұмысқа шыққаннан кейін ғана адам әртүрлі тәжірибе мен әртүрлі жастағы адамдармен тікелей қарым-қатынас жасай алады. Өкінішке орай, жастары бір балалар бір-бірінен үйрене алмайды, өйткені олардың даму деңгейі мен мүдделерінің мөлшері бірдей болады. Ал, әртүрлі жастағы топтарда керісінше, білім мен дағды үлкеннен кішіге беріліп отырады. «Шаңырақтарда» орта буынның оқушылары жоғары сынып оқушыларынан мінез-құлық ережелерін үйреніп, проблемаларды шешуге дағдыланады, күрделі шығармашылық іс - әрекеттерге қызығушылық таныта бастайды.

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығыжобасының басты мақсаты : жоғары және төменгі сынып оқушыларын біріктіретін қауымдастық құру арқылы оқушыларды жағымды қарым – қатынас орнатуға, көбасшылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік беру.«Шаңырақ» қауымдастығын мүдделері ортақ, іс-әрекеті және ортақ мақсаттарды іске асыру негізінде біріккен балалар тобы ретінде қарастыруға болады.

Қауымдастық мүшелерінің сандық ауқымы, сынып оқушыларының санына байланысты, 40- тан 55 адамға дейін болуы мүмкін. «Шаңырақтарды» ерекшелендіретін белгілер:  

  • ортақ мақсат - міндеттер, қызығушылықтар;
  •  жоғары байланыс дәрежесі;
  • ортақ іс - әрекет; 
  • ортақ дәстүрлер мен қарым – қатынас ережелері.

Жалпы мектепте 7 «Шаңырақ» қауымдастығы жұмыс жасайды:

«Алтын шаңырақ»: 5 - «М» мен 8- «Г»       

 сыныптары;

«Байтерек» : 5- «Г» мен 8 - «М» сыныптары ;

«Хан тәңірі»: 6 - «М» мен 9 - «Г» сыныптары;

«SMART»: 6 - «Г» мен 9 - «М» сыныптары;

«Самрұқ»: 6 - «Д» мен 7 - «Д» сыныптары ;

«Жерұйық»: 7- «М» мен 10 – «Г» сыныптары;

«Руханият»: 7- «Г» мен 10 – «М» сыныптары.

 

«Шаңырақтар презентациясында» әр қауымдастық өздерін ерекшеліндіретін ұрандары, моделдері, эмблемалары, жұмыс жоспарларын қорғайды. Арнайы құрылған әділ – қазылар бағалап, жеңімпаздарды анықтайды. Жұмыстарға келесідей талаптар қойылады: жұмыс жоспарының мақсат – міндеттерінің өзектілігі, моделдің барлық бағыттағы жұмыстардың қамтылуы, шығармашылық деңгейі, ұсынылған жұмыс түрлерінің тиімділі.

Жыл бойы жұмыс жоспарына сәйкес түрлі шаралар өткізіледі: Наурыз мерекесі, табиғат аясына саяхат, спорттық жарыстар, шығармшылық сайыстар.

Ғалымдардың айтуы бойынша, өмір бойы ақыл-ойды жоғалтпау үшін үнемі миды дамыту қажет. Оның ең тиімді әдістерінің бірі - үнемі және түсініп оқу. Өкінішке орай, бүгінгі күні адамдардың уақыттары аз болғандықтан кітапты өте сирек қолға алады. Теледидар көріп,  ноутбукты ашып, компьютерлік ойындардың виртуалды шынайылығына ену - кітап оқуға қарағанда әлде қайда оңай. Дегенмен, кітап оқитын адамдардың табыстары жоғары, отбасылық қарым-қатынастары жақсы, өмірлері ұзақ болатыны мәлім.  Халықтың функционалдық сауаттылығын анықтау мақсатында өткізілген халықаралық зерттеулердің көрсетуі бойынша жалпы сауаттылықтың төмендеу себептерінің бірі - оқырман құзіреттілігінің және мәдениетінің төмен деңгейі. Бүгінгі күні барлық бұқаралық ақпарат құралдарында осы сұрақтың өзектілігі туралы айтылуда. Осы мәселені шешу жолы ретінде мектепте «Кітаппенсырласу»жобасы басталды. Жобаның басты мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқырман белсенділігін арттыру және кітап оқу дәстүрін жаңғырту үшін әр аптаның сенбі күндері өтетін сынып сағатының 20 минутын мұғалімдер, оқушылар көркем әдебиет, тарихи оқиғалар, поэзияға  арнайды. Бұл жоба оқырманның танымдылығын, шығармашылығын арттырып, жеке дара өсуіне көмектеседі. Оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі әдіс- тәсілдер қолданылады. Мысалы: әр сынып оқушылары ортақ бір тақырып таңдайды («Абайдың қара сөздері», «Табиғат туралы әңгімелер», «Ертегілер» т.б.). Рефлексия ретінде ортақ тақырып бойынша оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай конференция, суреттер сайысы, эссе сайысы, дөңгелек үстел т.б. шаралар ұйымдастырылады.

Шынымен ұлы болған мәңгілікке ұласады. Жасөспірімдердің мәдени-рухани тәрбие беру барысында, біз өз халқымыздың рухани құндылықтарына сүйенуіміз керек. Еліміздің кез келген тарихи кезеңінің патриоттық әндері халық арасында ерекше танымал. Бұл әндер - адамға оптимизм, достықа деген сенім, адамдарға ерліктер жасауға рух беретін құралдардың бірі. Сол себепті, біз осы тақырыптағы әндерден бастауды жөн көрдік. Егерде, былтырғы оқу жылында оқушылар патриоттық әндер жаттаса, биыл осы «Патриоттық әндер»  жобасы аясында қазақ халық әндері қарастырылуда.

Апталық циклограммасы бойынша әр жұма сайын мектеп оқушылары кезекші «Шаңырақ» ұсынған әннің сөзін, әуенін үйренеді. Келесі аптада осы әннің сөздері жатқа қайталанып, жаңа ән қарастырылады. Жобаның мақсаты Елбасының: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деген сөздерін іске асыру болып табылады: Патриоттық, халық әндерін орындау арқылы оқушылардың бойында патриоттық рух қалыптастыру, өз елінің мәдени мұрасын, тілін сүйіп, құрметтеуге,  өздерін Отанының бір бөлшегі екендіктерін және оның болашағына жауапты екендіктерін сезіндіруге бағыттау.

Келесі тиімді әдіске жарнама жасайтын болсам: «Егерде, шеберлер  мектебімен танысқыңыз келсе, «Жас дарын» мектебінде сәрсенбі сайын өтетін «Теңбе – тең» жобасына келіңіздер!», - деп айтар едім. Жобаның басты мақсаты:Мектеп оқушыларын ауызбіршілікке, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Бір – бірене қол ұшын беру, көмектесу, үйрету, қамқор болу сынды қасиеттерге баулу. Сонымен қатар, қазақ халқының қолөнерін насихаттау. Жобаны іске асыру кезінде балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Жобаның тиімді болуының үш негізгі қағидаттары: қатысушылар рахат алу қажет, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эмоционалдық даму. Балалар бір-біріне қолданбалы өнер, тағам дайындау, тігу, шаш өру, мозайка құрастыруды т.б. үйретумен қатар ең бастысы, сыртқы әлеммен өзара әрекеттеседі. Балалар сабақтан шаршамасын десеңіз, оларға арасында белсенді «шығармашылық демалыс»  беріп отыру керек. Осының барлығын «Теңбе-тең» жобасыарқылы жүзеге асыруға болады.

«Жас дарын» мектебінің тарихы бар жоғы 20 жыл болғанымен, өзінің қалыптасқан дәстүрлері, ерекшеліктері бар. Мектеп табалдырығын алғашқы аттаған 5-сынып оқушыларын мектеп тарихымен, ғимаратымен таныстыру мақсатында өзімнің «Менің кіші Отаным»атты  авторлық жобамды енгізуді жөн көрдім. Оқушылардың шығармашылық потенциалын және  танымдық қызығушылығын, өз бетімен ойлауын дамыту, білімін ұлғайтуға қажеттілікті тәрбиелеу мен қатар  «Менің кіші Отаным»жобасы «Мәңгілік Ел» идеясын іске асырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні мектептің апталық жұмыс циклограммасы бойынша дүйсенбі күні – Қазақстан Республикасының гимні мен «Жас дарын» мектебінің әнұраны орандалады, сейсенбі күні – флеш-моб, сәрсенбі күні – «Теңбе – тең» жобасы, бейсенбі күні – «Ақпараттық жиындар», жұма күні – «Патриоттық әндер», сенбі күні – «Кітаппен сырласу» жобалары өткізіледі.

      Жалпы, жасалып жатқан жұмыстарды қорытындылап, былай деуге

болады:

1. Мектептегі оқу-тәрбие процесстерін басқару жүйесінде объективті және субъективті факторлар ескеріліп отыруы қажет.

2. Заман талаптарына сай тұлғаны тәрбиелеуде, жаңа әдіс – тәсілдер, жобаларды енгізу – тиімді жолдардың бірі.

3. Мектептің білім беру саясатының басты міндеті: жаңартылған білім беру жүйесі аясында білім алушы тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өзекті және жеке перспективті қажеттіліктеріне сай болу.

Бүгінгі күні мектепке еңгізілген жаңа жобалардың тиімділігінің дәлелі :

«Менің кіші Отаным»:

  1. 5- сынып оқушыларының адаптациясы жеңіл өтті.
  2. 5-сынып оқушылары мектепте өтіп жатқан іс – шараларға белсене қатысып, қызығушылық танытты.

«Шаңырақ» қауымдастығы бойынша:

  1. Түрлі жастағы оқушылар арасында жақсы қарым – қатынас орнатылды.
  2. Бірлесіп жасалған іс – шаралардың сапасының артуы.
  3. Жоғары сынып оқушыларының орта буындағы оқушыларды жетелеуі.

«Кітаппен сырласу» жобасы бойынша:

  1. Оқушылардың жады мен ойлау қабілеттерінің артуы.
  2. Оқушылардың сөйлеу қабілеттерінің артуы.

«Туған елге тағзым» бойынша:

  1. «Менің ізденістерім» ғылыми – жобалар сайысының тақырыптар диапозоны кеңейді.
  2. Оқушылардың саяхатқа деген қызығушылықтарының артуы.
  3. Оқушылардың ғылыми – танымдық әрекеттерінің артуы.

«Тайм - менеджмент» жобасы бойынша:

 1.Оқушылар өз уақыт жоспарлау, үнемдеуді үйренді .

 «Теңбе-тең» жобасы бойынша:

                1.Шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

«Патриоттық әндер» жобасы бойынша:

 1.Көптеген әндердің сөздері жатталды.

 2.Музыка өнеріне деген қызығушылық.

Кез-келген педагогикалық қызмет - бұл басқару, ұйымдастыру қызметі. Бүгінгі күні оны заманауи «менеджмент» сөзімен сипаттауға болады. Мектеп мұғалімнің тәрбиелік жұмысы - мектеп оқушыларының өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру. Тәрбиелеу менеджмент деңгейінде оқушының қажеттіліктері мен қарым - қатынастарын басқару ретінде ұсынылуы мүмкін. Біз жеке тұлғаны емес, оның даму үдерісін басқаруға тырысамыз, сондықтан тәрбие жұмысында педагогикалық әсердің заманауи әдістерін қолданамыз. Антон Семенович Макаренко былай дейді: «Адамды мақтауға тұрарлық ойлар мен білімге үйрету - бос әрекет, бұдан тек екіжүзді, қатты айқайлайтын адам шығады. Сана көптеген әлеуметтік жаттығулар мен тәжірибе нәтижесінде қалыптаусы қажет. Сонда ғана ол бағалы, құнды бола алады». Мен өзім үшін тәрбие жұмысында қандай негізгі менеджерлік дағдыларым болуын анықтадым:

  • Тәрбиелік мақсаттарды тұжырымдап, қоя білу;
  • Тәрбие жұмысының жоспарын құру;
  • Оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
  • Өз іс-әрекеттерімнің және олардың нәтижелерін талдау;
  • Ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру.

Әлі де жасайтын жұмыс көп, алатын белестер жеткілікті. Дегенмен, жетістіктеріміз де аз емес. Жаңа жобаларды енгізу жұмысы өз жалғасын әлі де табады. Себебі, тәрбие үрдісіндегі кез келген жоба басты рухани құндылықтарды айқын анықтаған Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы, Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізудің тиімді жоладарының бірі болып табылады.