Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Бейсекеева Ильмира Акылбековна
26-12-2018 21:00
Бейсекеева Ильмира Акылбековна

Инновациялық жобаның атауы

  1. Ағылшын тілі сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі

Жетекші идея

Ақпараттық коммуникативті технологиясы негізінде электронды әдістемелік жүйені енгізу;

Әр оқушының еркін дамуына жағдай жасау

Жоба мақсаты

Сабақта ақпараттық коммуникативті технологияларды  пайдалана отырып оқушының жаңа ақпараттарды меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізу.

Жоба міндеттері

Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру; 
теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету; 
оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту; 
тіл тосқауылын жеңу мақсатында аудио, видео жазбаларды пайдалану; 
негізгі оқулықтан тыс ғаламтордан салыстырмалы ақпарат көзін беру; 
ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру; 
АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеу; 
заман талабына сай компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру; 
электрондық оқулықтарды пайдаланып жұмыс істеуіне жағдай туғызу;

9 – 11 сыныптарға арналған Easy Quizzy тестілеу бағдарламасы бойынша авторлық электронды тест жинағын жасау.

Қолдану саласы

Ағылшын тілі сабағында, сабақтан тыс іс шараларда

Жобаның қысқаша андатпасы

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр, бірақ шетелде болмай сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео - көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі.

Оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды  пайдалана отырып мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырдым. Оқушыларым өздерінің ой – пікірлерін еркін айтып, ой түюге дағдыланды. Мұғалімнің көмегінсіз өз беттерімен білім алды. Маңызды мәселелерді шешуде оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ тұжырым жасайды. Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткіздім.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі

Облыстық  кезенде  тәжірибені жинап, таратуға дайын 

Қолданудан күтілетін нәтижелер

Қызығушылықты оятады; 
сабақ беру әдісі өзгереді; 
оқушылар ізденуге үйренеді; 
ғаламтордан баламалы ақпарат көзін алады және сол арқылы өз білімін толықтырып, уақытты үнемдейді; 
оқушы интерактивті тақтамен жұмыс істейді; 
аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді; 
қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады; 
ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады; 
қажетті ақпаратты жедел түрде алады; 
аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады; 
оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды, бейнесюжеттерді көре алады; 

видео, аудио жазбалар негізінде тіл тосқауылын жеңеді; 

электрондық оқулықты пайдаланады 
Жетістігім: 
- оқушылар компьютерде жұмыс жасауды біледі; 
- АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеді; 
- компьютерлік сауаттылығы қалыптасты; 
- видео және аудио жазбаларды тыңдауда қызығушылықтары артты; 
- электрондық оқулықтарды пайдаланып жұмыс істеуіне жағдай туғыздым. 

 

Ағылшын тілі сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады.

Оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды  пайдалана отырып мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырдым. Оқушыларым өздерінің ой – пікірлерін еркін айтып, ой түюге дағдыланды. Мұғалімнің көмегінсіз өз беттерімен білім алды. Маңызды мәселелерді шешуде оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ тұжырым жасайды. Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткіздім.

     Әрбір сабақ – мұғалімнің шығармашлық жұмысы. Сондықтан әрбір сабақ жоспарын жасағанда, сабақтың білімділік, тәрбиелік міндетіне көңіл бөліп, оқушылардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеруді, сабақты өткізу әдістерін, қолданылатын көрнекті құралдарды, сабақтың әрбір кезеңін рет-ретімен орналастырады. Сабақтың әсерлі, оқушыларды қызықтыратындай болуына және оқушының шығармашылық қабілетін ашуға, ізденуіне көңіл бөлу.

      Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта ақпараттық коммуникативті технологияларды  пайдалана отырып оқушының жаңа ақпараттарды меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізу.

      Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В.С. Герушинский, В.М.Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т.б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген.

      Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
       Электрондық оқулықтар мен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады.. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Уақытты пайдалануда тиімді. Бұл әдістердің барлығы оқушының ағылшын тіліндегі тіл тосқауылын жеңудегі бірден-бір себеп деп ойлаймын.

          Сабақта АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануына, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға себепші болуға болады. 
        Мысалы 5 сыныпта «Homes, Furniture and apliances, Are you home alone?» тақырыбында өткізген сабақтарымда интербелсенді тақтадан жаңа сөздермен таныстырудан бастап, жеке-жеке оқушыларға сөздерді оқыттым. Тақырыпқа байланысты оқушылардың электронды оқулықтағы суреттер арқылы ағылшын тілінде қандай үй жиhаздарын білетіндігін анықтадым. Оқушылардан осы суреттің қай бөлменің атауы  екенін сұрадым. «Ой қозғау» сатысында «орнын тап» бөлімінде суреттердегі адамдар мен құрал жабдықтардың атауын тиісті орынға қою керек болатын. Бұл жерде мен үлгерімі төмен оқушыларды шығардым. Олардың сабаққа деген қызығушылығы жақсы деңгейде болды. «Сөйлемді толықтыр»  бөлімінде оқушылар өз алдарындағы ноутбуктен тапсырма орындап интербелсенді тақтадан мәтінді тыңдады. Электронды оқулықтағы суреттер оқушыны сабаққа қызықтыра түссе, мұғалімге қосымша құрал болады деп айта аламын. Қорытынды сабақтың бекіту бөлімінде Easy Quizzy  тест бағдарламасы бойынша  тест өткіздім. Бұл құралдың тиімділігі оқушылардың жауаптары бірден бағаланады, қатемен жұмыс жасайды.  Бұл оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді. Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке іс-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді. Сабақта АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануына, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға себепші болуға болады. 
       Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескеріп отырдым.

Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану»  тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар жаңа ақпараттық коммуникативтік ақпараттарды  қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушылардың өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Сындарлы оқытуда пайдаланылатын жеті модуль өзара байланыста болады.

Қазіргі таңда, компьютерді пайдалана отырып,ағылшын тілі сабағында жеке(дара) және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.Әртүрлі ойындар мен презентацияларды жүйелі жоспарлай отырып, сабақтың мазмұнын қызықты өңдеуге мүмкіндік бар. Бірақ, бір нәрсені естен шығаруға болмайды. Компьютер- еш уақытта мұғалімді алмастыра алмайды. Сондықтан компьютермен жұмыс істеу уақытын дұрыс жоспарлау керек.

Ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерін пайдалану:

·Электронды оқулықтар (кітаптар, тест кітапшалары)

·Мультимедиялық проектор

·Интерактивті тақта

·Электронды энциклопедиялар мен анықтамалықтар

·Электронды тренажорлар мен қарым-қатынас құрылғылары

·Интернет желісіндегі ақпаратты білім көздері

·Суретті безендірілген DVD және CD дискілері

·Үнтаспа және аудио жабдықтар

·Интерактивті карта мен интернет атлас

·Интерактивті конференциялар мен сайыстар

·Ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстары

·Қашықтықтан оқыту бағдарламалары мен курстары

АКТ ны ағылшын тілі сабағында қолдану, интерет технологияларын қолданудың кең мүкіндіктерін туғызады.

1.Видоеконференциялар

2.Шет елдік сайттармен жұмыс

3.On-line тест тапсырмалары

4.Халықаралық телекоммуникациялық жобалар

5. Электронды хаттар арқылы шет елдік достармен араласу

6.Аудиокітаптармен жұмыс

Ақпараттар деген түсінікті төмендегідей нәтижеге жету жолы болатынына көз жеткіздім:

·Аз уақыт ішінде тақырыпты тез игеруге көмектеседі.

·Қабілеті төмен оқушының қызығушылығын арттырады.

·Презентациялар арқылы сабақты безендіруге ыңғайлы.

·Ажырамайтын үздіксіз қарым-қатынас орнатылады(сызба).

 

 

 

 

 

 

 

 . Рухани білім жинаған оқушы,монолог айтуға бейімделеді.

·Арнайы сайыстар,жеке (дара) ж/е топтық жұмыстар жүргізіледі

·Тура бағалауға, әділетті көз қарас қалыптастыруға көмектеседі.

·Түрлі анықтамалық жүйелерді пайдалану мүмкіндігін алады.

·Ақыл-ойын шыңдаған оқушы, шығармашылық қабілетін дамытады.

·Рациональді түрде ұйымдастырылған сабақ өте сапалы өтеді.

Қорыта айтқанда,ағылшын тілі сабағында осылай қолданылған ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпараттарды меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.

"Құпия зат" әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға болады және балалар өздері сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіруде есте сақтау қабілеттері дамиды, өздерінің құрдастарының айтқанын тез қабылдайды. Тақырыпқа шығу әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды, тақырыпты тез тапты. Себебі топта оны талқылады, ал кейін сыныппен пікір алмасып, тақырып пен мақсаттарды айқындады.

 

 

 

 


       "Құпия зат" әдісі                                                    «Суреттерді топтастыру»

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауын жаңа тақырыпты түсіндіргенде де көрсете білді. Жаңа ақпаратты оқушыларға барлығын өзім түсіндірмедім, оқушылар өздері берілген мысладарға не суреттерге қарап ереже шығарып, түсіндірді. Мысалы, "Менің үйім, менің пәтерім" тақырыбындағы сабақта "There is/are" құрылымын түсіндіргенде интербелсенді тақтада мысалдар мен сурет көрсеттім. Оқушылар сурет пен мысалдарға қарап, айырмашылықтарын, қандай өзгеріс болғанын, неге болғанын айтып, өздері жаңа ақпаратты қабылдап алды.

       Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгере алатынына көзім жетті. Енді мен сабақтарымда оқушыларға тек бағыт бағдар беретін болдым. Сабақта жұптық әңгіменің маңыздылығын түсіндім. Оқушылардың тіл байлығын дамыту үшін диалогтік оқытудың әрбір түрін қолдана отырамын.

Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып, белсенділік танытты. Оны мен диалогтық оқытудың маңызы деп қорыттым. Сабақтар топтық формада өтті, оқушылар білімді менің бағыт беруіммен өздіктерінен меңгерді. Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлылыққа әсер етеді. Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болу. Сыныптағы оқыту формасын өзгертіп, топтық, жұптық, ұжымдық формада өткізе бастадық. Сабақ формасының өзгеруі  оқушыларымның менің сабағыма деген көзқарасын өзгертіп, қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында диалог молынан көрініс тауып, оқушыларымның өзіндік ой – пікірлерін естіп, таң қалған да сәттерім болды. Мен бұрын оқытқан, менің тарапымнан болған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін оқушыларымның көзқарастары әлдеқайда терең жатқанын байқадым. Яғни сыныптағы диалогтың маңыздылығын мен курс барысында терең ұғындым. Оқушыларым менің сабағымда өздерінің пікірлерін білдіріп, ортаға салуға дағдыланды.  

Біздің беріп тұрған материалымыз оқушылардың түсінуіне, қабылдануына қиын болса, бұндай жағдайда не істейміз? Бiз қолданатын сөздер оқушыларға қиындықтардың пайда болуы қалыпты құбылыс екендігін және де бұны мойындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.

Мұғалімдер оқушыларға олар қолдауды қажетсінетін салалардағы олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға және өздерінің табысты болғандығын сезінген салаларда көмектесетін мәселелердің бар екендігі туралы тоқтамға келді. Бұл мынадай мәселелер:

Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Бәрінен де неге риза болдың? Сізге ең оңайы не болды? Сізге не ерекше қиын болды? Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай,  алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру, сауатты жазып сауатты сөйлеу үшін оқушыға тек қана сөздік қорды молайту жеткіліксіз, сонымен қатар оқушы грамматикалық сауатты болуы шарт. Осы орайда бұл easy quizzy тестері оқушыға пайдасы зор.

Осы мақсат негізінде орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрып,  жаңа  әдіс - тәсіл арқылы  жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру; Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету;  Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту;  Тіл тосқауылын жеңу мақсатында аудио, видео жазбаларды пайдалану;  Негізгі оқулықтан тыс ғаламтордан салыстырмалы ақпарат көзін беру; Ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру;  АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеу; 
Заман талабына сай компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру; Электрондық оқулықтарды пайдаланып жұмыс істеуіне жағдай туғызу болып табылды.

Методикалық тәжірибе жинақтау мен тарату барысында АКТ мен интернет желісіндегі ақпаратты білім көздерінің ықпалы өте зор.

Сондықтан,ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерінің негізгі түрлерін пайдаланып отырған тиімді:

1.Оқулықтарға қосымша шығарылатын аудио материалдар,үн таспалар (дискілер)тыңдау.

2.Фонетикалық жаттығу орындағанда (микрофонмен жұмыс) жасау, оқушының есту, дұрыс сөйлеу қабілетін арттырады. Графикалық диаграмма дыбысталу кезіндегі мүлт кеткен кемшілікті көрсетіп тұрады.

3.Видео роликтер,видео жазбалар- күрделі мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды байытуға,сөйлемнің құрылымын дұрыс түсініп,ауыз екі сөйлеу барысында қатесіз қолдануға пайдалы.

4.Флэш -ойындар,әртүрлі жаттығу жұмыстары арқылы білімдерінің кем-кетігін толықтыруға ықпал етеді.Грамматикалық қабілеттіліктерін шыңдап, лексикалық сөздік қорды дамытады.

5.Тәжірибеде Power Point мүмкіндіктерін пайдалану, слайд мағлұматтарын тартымды етіп өңдеу,Word бағдарламасында енгізілген дұрыс қаріптеу командасы,ағылшын тіліндегі мәтінді қатесіз теруге көмектеседі.

6.Әртүрлі электронды тренажорлар қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттырып, сөздік қорды дамытады және диалогтік оқытуды қалыптастырады.

7.Сондай-ақ әртүрлі электронды тестер арқылы нақты нәтижеге қол жеткізіп, оқушыға уақытты үнемдеуге,өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туады.

АКТ ны ағылшын тілі сабағында қолдану, интерет технологияларын қолданудың кең мүкіндіктерін туғызады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде  қалыптасуын қамтиды» (Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Сонымен, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында  жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз. 

Демек, ағылшын тілін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік  құзіреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін. 

            Қорыта айтқанда,ағылшын тілі сабағында осылай қолданылған ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпараттарды меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.