Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Өлкетану» оқулығының тұсаукесері
28-11-2018 10:23

2018 жылғы 29 қарашада Павлодар қ. С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өлкетану» оқулығының тұсаукесері өтеді.  Ұйымдастырушылар – Павлодар облысының білім беру басқармасы және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті.

Іс-шараның мақсаты: географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және туған өлкені дамыту кешенін сипаттайтын басқа да факторлар туралы білімді қалыптастыру; туған жерге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау сезімдерін тәрбиелеу.

«Өлкетану» кіріктірілген курсы Қазақстан Республикасындағы пилоттық жоба болып табылады, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде жүзеге асырылады. 

Іс-шараға білім беру басқармасының өкілдері, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, ЖОО-лардың ғалымдары,  мұражайлардың қызметкерлері мен Павлодар облысының педагогикалық қауымдастығы қатысады.

Өткізу орны: Павлодар қ., ак. Қ.Сәтбаев көшесі, 104, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 Басталуы: сағат 10.00-де.