Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Жаңартылған мазмұндағы 4, 9 және 10-сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын таныстыру және оқулықтарды талқылау бойынша республикалық семинар
05-11-2018 15:53
Жаңартылған мазмұндағы 4, 9 және 10-сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын таныстыру және оқулықтарды талқылау бойынша  республикалық семинар

          2018 жылғы 5 қарашада Павлодар қаласындағы М. Катаев атындағы Оқушылар Сарайында Павлодар облысының педагогикалық қоғамдастығына арналған  жаңартылған мазмұндағы 4, 9 және 10-сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын таныстыру және оқулықтарды талқылаубойынша  екі күндік республикалық семинар басталды. Семинардың ұйымдастырушысы  «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

20 пәндік секция жұмысына 500-ге жуық бастауыш сынып және пән мұғалімдері, білім беру бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, әдістемелік кабинеттердің басшылары, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатысады.

Төмендегідей баспалардың оқулықтары мен оқу құралдары ұсынылды: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,  «Мектеп» ЖШС, «Арман-ПВ» ЖШС, «Жазушы» ЖШС,  «Көкжиек-Горизонт» ЖШС, «Бөбек»,  «Cambridge University Press», «Macmillan Publishers», «Oxford University Press», «MM Publications».  Семинарда бастауыш және негізгі орта білім беру пәндері бойынша оқулықтар, оқу бағдарламалары көрсетілді.

Семинар барысында тыңдаушыларға жаңартылған білім мазмұны оқу бағдарламаларының мазмұнды аспектілері, жаңа оқулықтардың мазмұны мен құрылымындағы тұжырымдамалық амалдар бойынша түсініктер берілді.