Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Әлеуметтік педагогтардың облыстық олимпиадасы
01-11-2018 20:35
Әлеуметтік педагогтардың облыстық  олимпиадасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 30 қазан күні Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасы Павлодар облысының Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығымен Павлодар облысының әлеуметтік педагогтар арасында арасында облыстық олимпиада өткізді.

Тапсырмаларды бағалау құзыретті әділ қазылар алқасымен жүргізілді, оның құрамына ПМПУ педагогика және спорт факультетінің деканы А.Қ. Нұрғалиева, педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.А. Нұрмағамбетова және Павлодар облысының Білім беруді  дамытудың  Инновациялық орталығының әдіскері С. Е. Бекбергенова енді.

Олимпиада жеңімпаздары I, II. III дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. I дәрежелі дипломымен Зайырова Әсем Сәбитқызы – Академик Қаныш Сатпаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің әлеуметтік педагогы Баянаул ауданы, ІI дәрежелі дипломымен – Алимбаева  Райхан Айтпаевна – Тереңкөл ауданы Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің, Шакенова Анара Сапаровна – Ақсу қ.,  Айнакөл ЖОМ. ІІI дәрежелі дипломдарымен Кабышева Ардак Кагаровна - Павлодар қаласы, №7 ЖОМ, Мухаметкаримова Анара Маратовна – гимназиялық сыныптарымен Шарбақты ЖОМ,Бердмурат Авдулрахман - №38 ЖОМ әлеуметтік педагогтары марапатталды. Олимпиадада алған жетістіктеріне сай қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Олимпиада қатысушыларына  сертификаттар табысталды.