Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Көшбасшы және менеджмент
30-10-2018 15:16
Көшбасшы және менеджмент
2018 жылғы 30 қазан күні  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның  іс-тәжірибесін тарату бойынша іс-шаралар жоспарына  сәйкес  Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  базасында Педагогикалық шеберлік орталығы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе отырып, аймақтың мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Көшбасшы және менеджмент» тақырыбында  семинар өткізді. Семинарға аймақтың 60 мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталық әдіскерлері қатысты
Семинарда үш өзекті мәселе қарастырылды: мектептің даму жоспары, кәсіби бағдарлау, сабақты бағалау.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.