Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Үздік ресурстық орталық
10-10-2018 14:47
Үздік ресурстық орталық
2018 жылғы 10 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурсқа  қатысуға облыс аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалалары жалпы орта білім беру мектебінің 19 ресурстық орталықтан өтінім берді.  
Конкурс қатысушылары ресурстық орталықтардың жаңа педагогикалық бастамаларын, инновациялық амалдарын, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметін демонстрациялады. 
Конкурс қорытындылары бойынша  Екібастұз қ. № 21 ЖОМ-ның ресурстық орталығы  І орынға ие болды,  Екібастұз қ.  №22 мектеп-гимназиясының, Ақсу қ. 2 ЖОМ-ның ресурстық орталығы ІІ орынға ие болды, Ақсу қ. лицей-мектебінің, Баянауыл ауданының №2 ЖОМ-ның, Шарбақты ауданының гимназия сыныптары бар  ресурстық орталығы  ІІІ орынға ие болды.
«Үздік бейінді мектеп» номинациясымен   Павлодар   ауданының Красноармейка ЖОМ-ның ресурстық орталығы, «Үздік  инновациялық бастама»   номинациясымен   Ақтоғай   ауданының   М.Қайырбаев   атындағы ЖОМ-ның   ресурстық орталығы, «Тиімді менеджмент» номинациясымен Успен   ауданының  №3 Успен  ЖОМ-ның   ресурстық   орталығы,  «Әлеуметтік серіктестік   және   қызметтестік»   номинациясымен   Железин   ауданының  №2  Железин ЖОМ-ның ресурстық орталығы,  «Шеберлік және ізденіс» номинациясымен Аққулы  ауданының  Лебяжі ЖОМ-ның  ресурстық орталығы марапатталды.