Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Облыс мұғалімдеріне құрмет көрсету
05-10-2018 13:40
Облыс мұғалімдеріне құрмет көрсету

2018 жылғы 5 қазанда  Павлодар қаласындағы Естай атындағы ҚМС-да Павлодар облысының әкім орынбасары М.М. Бегентаевтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты облыстық мереке өтті.

Ұйымдастырушылар:

  • Павлодар облысының білім беру басқармасы
  • Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

Іс-шара аясында  «Жыл мұғалімі – 2018»,  «Жыл тәрбиешісі – 2018»

облыстық конкурстарының жеңімпаздарын  марапаттау салтанаты өтті.  

Гран-при және «Жыл мұғалімі – 2018» атағын  Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кравчук Галина Николаевна жеңіп алды.

І орынАққулы ауданының Жамбыл ЖОМ-ның ағылшын тілі мұғалімі Оразалин Бауыржан Нұрлыбекұлы, ІІ орын Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының география мұғалімі Бокишева Мақпал Бейсенғазықызы, ІІІ орын Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің тарих мұғалімі  

Секенова Мақпал Жаңатайқызы иеленді.

«Тәлімгер ұстаз», Шабыт», «Ізденімпаз» номинациялары бойынша ұстаздарды марапаттау өтті.

«Тәлімгер ұстаз»номинациясында Ертіс ауданының Абай ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Кирильченко Надежда Ильинична, «Шабыт»  - Павлодар қаласының №21 ЖОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Есмакаева Гүлмира Болатқызы, «Ізденімпаз» номинациясында Ақсу қаласының   дарынды балаларға арналған  маманадандырылған гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Нұрғалиева Салтанат Еркінқызы марапатталды.

 «Жыл тәрбиешісі – 2018» конкурсында:

Гран-при Екібастұз қаласының №21«Кішкентай данышпандар» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Кошлова Татьяна Анатольевнаға, І орын Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Федорова Анастасия Анатольевнаға, ІІ орын Екібастұз қаласының №23 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиешісі Байтуғанова Динара Қалдыбекқызына,  ІІІ орын  Баянауыл ауданының «Үшқұлын» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Маусым Заурегүлге берілді.

Қазылар алқасы бағасының қорытындылары бойынша «Тәлімгер ұстаз» номинациясында Беленко Наталья Анатольевна Шарбақты ауданының«Айгөлек» сәбилер бақшасының тәрбиешісі, «Шабыт» номинациясында Абилова Сауле Темирхановна Ақсу қаласының«Балапан» сәбилер бақшасының тәрбиешісі, «Ізденімпаз» номинациясында Андреенко Виктория АнатольевнаПавлодар ауданының Розовка сәбилер бақшасының тәрбиешісі марапатталды.

Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының басшыларына, мұғалімдерге және педагогикалық еңбек ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің Құрмет Грамоталары және Алғыс хаттары табысталды.