Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Павлодар облысының үздік педагогтері
03-10-2018 12:25
Павлодар облысының үздік педагогтері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізеді. 
Конкурстың мақсаты – алдыңғы қатарлы озат ұстаздарды анықтау, қолдау және ынталандыру, педагогикалық тәжірибе тарату және ұстаз еңбегінің мәртебесін арттыру.
2018 жылғы 2 қазанда Астана қ. Энергия Холында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің қатысуымен өткен салтанатты марапаттау рәсімінде еліміздің үздік педагогтерінің есімдері аталды. «Үздік педагог» республикалық конкурсының құрметті атағына Павлодар облысының төрт мұғалімі ие болды:
- Жақсылыкова Жанар Жұмағұлқызы, Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
- Терешкина Алина Генриховна, Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасының әдіскері; 
 -Досмағамбетова Салтанат Сейітжанқызы, Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатының химия мұғалімі;     
- Боролис Надежда Леонидовна, Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы. 
Республикалық конкурс жеңімпаздары «Үздік  педагог - 2018» төсбелгісімен және        бағалы сыйлықтармен            марапатталды.