Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі
03-10-2018 10:17
«Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі
2018 жылғы 2 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізіледі. Іріктеу турының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 33 психолог өтті, оның ішінде Павлодар қ. – 4, Ақсу қ. – 3, Екібастұз қ. – 3, аудандардан – 23. 
Конкурстың қазылар алқасы психологтердің кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсету және білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау мен шешу іскерліктерін, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік  көзқарасы туралы стандарттан тыс ойларын баяндайтын эссе жазу біліктіліктерін бағалады. 
Конкурс қорытындылары бойынша І орын иеленгендер: Мағнұрова Мөлдір Ақылбекқызы, Май ауданының Қазан ЖОМ, Жазубаева Самал Асанхановна, Екібастұз қаласының № 26 ЖОМ, Абигузина Римма Нургалиевна, Ертіс ауданының Северный ЖОМ;  ІІ орын – Кусаинова Миргуль Курметовна, Аққулы ауданының Тілектес ЖОМ, Идан Жамишхан, Ертіс ауданының Панфилов ЖОМ, Аппельт Лариса Александровна, Павлодар ауданының Ольгинка ЖОМ;  ІІІ орын – Амирханова Асия Маратовна, Железин ауданының Башмачный ЖОМ, Халанская Светлана Васильевна, Павлодар ауданының Сычёвка НОМ, Айтпаева Айнур Тогайбаевна, Тереңкөл ауданының А.Н. Тельман атындағы  №1 ЖОМ-ның педагог-психологтері. Төмендегідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік авторлық бағдарлама» – Гегель Анна Ивановна, Павлодар ауданының Рождественка ЖОМ, «Кәсіби шеберлік» – Вальцева Светлана Анатольевна, Шарбақты ауданының Хмельницкий ЖОМ, «Психологтің үздік портфолиосы» - Спиридонова Светлана Николаевна, Павлодар қаласының               № 18 ЖОМ, «Зерттеуші-психолог» - Кошедова Светлана Борисовна, Ақсу қаласының Ю. Гагарин атындағы ЖОМ, «Ең жас психолог» – Қадырбек Айдана Қадырбекқызы, Баянауыл ауданының Д. Рахметов атындағы  ЖОМ, «Креативті психолог» - Темирова Ляйла Серикбаевна, Ақсу қаласының                   №1 ЖОМ. 
 Тақырыптық эссе жазуда үздіктер аталды: «Мен және менің мамандығым» – Нуриденова Бакытгуль Назмухановна, Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы  ЖОМ,  «Психолог – болашақтың мамандығы» - Бахтиярова Нұрсұлу Айтугановна, Успен ауданының                       №3 Успен ЖОМ, «Психолог және Мен» - Есімжанова Ақбота Сәбидоллақызы, Май ауданының Малайсары ЖОМ, «Менің кәсіби ұстанымым» – Бастемирова Ажар Казангаповна, Ақсу қаласының Шүлембаев атындағы ЖОМ.
Республикалық конкурс 2018 жылғы 11-13 қараша күндері Алматы қаласында өтеді.