Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Мектептің жүрегі – мұғалім» атты Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекесі
02-10-2018 15:22

Облыс әкімінің қатысуымен өтетін Ұстаздар күніне арналған мереке 2018 жылғы 5 қазан күні сағат 10.00-де  Павлодар қаласындағы Естай атындағы ҚМС-да өтеді.

Ұйымдастырушылар:

- Павлодар облысы білім беру басқармасы

- Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.

Іс-шараның мақсаты – облыстың еңбек сіңірген ұстаздарына құрмет көрсету, облыстық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау, ұстаз мамандығының әлеуметтік мәртебесін арттыру, мұғалім еңбегінің оң беделін қалыптастыру.

Мерекелік шараға ұстаздар, білім беру мекемелері мен білім беру бөлімдерінің басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, облыс басқармаларының басшылары, журналистер қатысады.

Мереке бағдарламасында - «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» облыстық конкурстарының қорытындылары.

Өткізу орны:Павлодар қ., Конституция алаңы 1, мәжіліс залы.

Тіркеу:08.30-дан.

Басталуы:сағ.10.00.