Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үш тілде оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету» атты республикалық семинар-кеңес туралы
16-09-2018 12:09
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үш тілде оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету» атты республикалық семинар-кеңес туралы
2018 жылғы қыркүйектің 13-інде Астана қаласының Республикалық физика-математикалық мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында үш тілде оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске «USTAZ KZ» ЖШС қызметкерлері,облыстық, аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлері, мектеп мұғалімдері  қатысты.
Семинар-кеңесте ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге одан әрі қарай әдістемелік  көмек көрсету, менторствоны дамыту мәселелері  қарастырылды және Қазақстан мектептерінің оқу үдерісінде Үш тілді  оқытудың  бірыңғай тілдік стандартты қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық түсіндірілді. Сонымен қатар, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша  қосымша ақы төлеу тәртібі, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық мектептер (5-11 сыныптар) туралы Ереже, Педагогтардың дайындықтарын, ата-аналар қауымдастығы мен оқушылардың ынтасын ескере отырып, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға жалпы орта білім беру мектептердің дайындық мониторингісі, мұғалімдердің  тілдік курстан өтуін ұйымдастыру және оларға курстан кейінгі қолдау көрсету мәселелері талқыланды,  әдіскерлердің алдына 2018-2019 оқу жылына міндеттер қойылды.