Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы
17-04-2018 14:42
Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы

Орта білім институты жаратылыстану математикалық білім зертханасының ұйымдастыруымен  2018 жылғы 11 сәуірде «Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу» бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына Астана қаласының «Химия» пәні бойынша білікті мұғалімдері шақырылды.

 Күн тәртібінде білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеудің мазмұны қаралды.

Қатысушылар назарына Орта білім институтының директоры                    Қ.А. Рахымжанов «Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірлеудің мақсат және міндеттерімен таныстырды.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.