Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде жоспарланған әдістемелік жұмыс тобының кезекті отырысы
10-04-2018 17:20
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде жоспарланған әдістемелік жұмыс тобының кезекті отырысы

          Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөнінде жоспарланған әдістемелік жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесінің жобасы талқыланып, жаңа орфография мен орфоэпия емлелерін әзірлеу жағдайы туралы сөз болды.

          Жұмыс тобының отырысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының аға ғылыми қызметкері Ж.Е. Есепбай қатысты.

          Әдістемелік жұмыс тобының отырысында жаңа орфография мен орфоэпия емлелерін әзірлеу жөнінде А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қажыбек Ерден Задаұлы баяндады.