Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім сапасын арттыру
02-04-2018 12:03
Шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім сапасын арттыру

2018 жылдың 29-наурызында  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қостанай облысының Білім басқармасымен бірге ШЖМ жағдайында мектеп бағдарламасының пәндерін тереңдетіп оқыту мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Жұмыс тобының құрамына Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің мамандары және педагог-практик мамандар шақырылды. Жұмыс тобының отырысында мектеп курсы пәндерінен білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелері, білім беру сапасы  және ШЖМ жағдайында қоғамдық-гуманитарлық пәндерден білім алушылардың білім сапасын жетілдіру мәселелерін шешу жолдары қаралды.