Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Халықаралық семинар «Білім беру саласындағы мемлекеттің басымды саясаттары»
29-03-2018 11:58
Халықаралық семинар «Білім беру саласындағы мемлекеттің басымды саясаттары»

2018 жылы 28 наурызда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Саха республикасы, Ресей) ұйымдастырған халықаралық семинар шеңберіндегі «Білім беру саласындағы мемлекеттің басымды саясаттары» вебинарына қатысты.

Семинар жұмысына қатысқандар: Ресей Федерациясының білім және ғылым Министрлігінің жастарды тәрбиелеу шеңберіндегі  Мемлекеттік саясат Департаменті директорының орынбасары Брызгалова С.М.; Саха Республикасының білім министрінің орынбасары Семенов Ю.И.(Якутия); М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің (Саха республикасы, Ресей) ректоры Михайлова Е.И.; Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы орыс тілі Кеңесінің мүшесі, Казань федералды университетінің Л.Толстой атындағы филология және мәдениаралық  коммуникациялар Институтының (Казань қ., Ресей) орыс және шетел әдебиетінің жоғарғы мектебінің директоры, орыс және шетел әдебиеті кафедрасының профессоры Мухаметшина Р.Ф.; М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің (Саха республикасы, Ресей) педагогикалық білім беру бойынша проректоры Федоров М.П.

Қазақстан тарапынан, алғы сөзбен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.О.Жилбаев сөйледі (Астана қ. Қазақстан).