Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Республикалық семинар-кеңес
02-03-2018 09:38
Республикалық семинар-кеңес

2018 жылғы 28 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №20 бұйрығын іске асыру аясында Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әдістемелік кабинеттері/орталықтары, сондай-ақ өңірлердің педагогикалық қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен онлайн-режимінде республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте кешкі мектептерге арналған жаңартылған мазмұндағы білім берудің үлгілік оқу жоспарларының жобасы, ҚР-да инклюзивті білім берудің мониторингі, мектептерде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшіруге дайындық мониторингі талқыланды.

Url-просмотра - http://aa.wizardforum.ru/records/show/35