Жаңалықтар мұрағаты
Қашықтықтан оқыту қорытынды аттестаттау 9 сынып 2020 ОБ ОЖСБ Пәндер --> Барлық құттықтаулар!
Жұмыс тобының жаңартылған білім мазмұны контекстіне сәйкес педагог кадрлар дайындау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы отырысы
19-02-2018 10:16
Жұмыс тобының жаңартылған білім мазмұны контекстіне сәйкес педагог кадрлар дайындау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы отырысы

2018 жылғы 15 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да жұмыс тобының жаңартылған білім мазмұны контекстіне сәйкес  педагог кадрлар дайындау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы бірінші отырысы болды. Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры А.К. Мухамедханова «Жаңартылған мазмұн жүйесі» таныстырылымымен сөз сөйледі.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ААО  Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері А.К.Алимов «Орта білім беру мазмұнын жаңарту туралы» таныстырылымын көрсетті.

Әрі қарай 15-17 ақпанда болатын мамандардың топтар бойынша жұмысы жоспарлануда. Кеңейтілген отырысқа Қазақстанның барлық педагогикалық оқу орындарының, «НЗМ» ААО, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері қатысады.