Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудағы ресурстық орталықтардың мүмкіндіктері
07-02-2018 12:01
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудағы ресурстық орталықтардың мүмкіндіктері

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2018 жылғы 7 ақпанда Успен ауданының №1 Успен ЖОМ-ның ресурстық орталығы жанында «PISA халықаралық зерттеулерін өткізу аясында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық семинарөткізді.

Семинар жұмысына аудандық және қалалық білім беру бөлімдері ресурстық орталықтарының үйлестірушілері қатысты.

Ресурстық орталықтар жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша ашық сабақтар өткізілді. Семинар аясында  аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің ресурстық орталықтары мен магниттік мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өтті. Магниттік мектептердің мұғалімдеріне «Стресс және оны жеңу жолдары» атты тренинг жүргізіліп, роботтардың үлгілері көрсетілді.

Семинардың соңында қатысушыларға оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оларға уақытында қолдау көрсету және оқудағы ілгерілеуін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар берілді.