Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
XIV облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасын өткізу туралы
02-02-2018 17:33

    

  2018 жылғы 28 наурызда аймағымыздың дарынды балаларға арналған мамандандырылған және жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің XIV облыстық пәндік олимпиадасы өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Павлодар облысының білім беру басқармасы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы.

Олимпиаданың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді ынталандыру, қолдау және мадақтау. 

Облыстық олимпиада қатысушылары – аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.  

Ұстаздар жұмысын жоғары оқу орындарының озық ғалымдары, білім беру басқармасының мамандары, инновациялық орталық әдіскерлері, Павлодар облысының үздік ұстаздары бағалайтын болады.  

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және бағалы жүлделермен марапатталады.

Олимпиада нәтижелері Павлодар облысының білім беру басқармасының сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Өткізу орны: Павлодар қ.  №30 ЖОМ-да, Ледовский көшесі, 18/3 (сапаржайдан  №38, 153 автобустарымен бару қажет).

Қатысушыларды тіркеу:сағ. 8.00 – 8.40

Басталуы: сағ. 9.00-де.