Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Әдістемелік қызмет басшыларының семинар-кеңесі
02-02-2018 13:06
Әдістемелік қызмет басшыларының семинар-кеңесі
Жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс аясында                                  Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2018 жылғы 2 ақпанда «Павлодар қ. инновациялық үлгідегі №34 ЖОМ» ММ жанында аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Семинардың жұмысына Павлолдар облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Аязбаев Еркімбек Мұхатайұлы және  білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ведель Алевтина Васильевна қатысты.
Семинарды Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Слямова Сәуле Шәйімқызы ашты. Ол 2018 жылғы 19 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының  басым бағыттарын түсіндіру бойынша өткен республикалық семинар-кеңес, оның ішінде қазақстандық білім беруді дамыту жайлы айтты. Аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері Республикалық семинар-кеңестің секциялық отырыстарында алған ақпараттары және материалдарымен бөлісті.
Семинарға қатысушылар білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау, оқушылар білім алатын жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы сабаққа қойылатын талаптар, сонымен қатар заманауи мектепті жаңарту мәнмәтініндегі мұғалімнің орны туралы мәселелерді талқылады. Оқушыларды «PISA-2018» және ТIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындау, АКТ-сауаттылықтарын дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін табыспен жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.