Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Облыстың пилоттық және базалық мектептер мұғалімдеріне арналған семинар-практикум
31-01-2018 17:29
Облыстың пилоттық және базалық мектептер мұғалімдеріне арналған  семинар-практикум

2018 жылғы 31 қаңтарда Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстың пилоттық және базалық мектептер мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өткізді.

Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері және білім беру мазмұнын жаңарту бойынша НЗМ тәжірибесін трансляциялауға енген 36 мектептің ұстаздары қатысты.

Практикалық бөлімде қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдеріне арналып «Тілдік пәндерді оқытудағы жаңа амалдар мен тәжірибелер», «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеуге және сараптамалауға негізгі амалдар», тарих және география мұғалімдеріне – ««Климаттық сандықша» әдістемелік ресурсын пайдалана отырып, кіріктірілген сабақтар өткізу», ағылшын тілі мұғалімдеріне – шетел педагогін қатыстыра отырып, тілдік курстар сабақтары ұйымдастырылды.   

Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.