Жаңалықтар мұрағаты
Пәндер Барлық құттықтаулар!
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар
31-01-2018 16:16
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2018 жылғы                         31 қаңтарда Павлодар қ. №29 сәбилер бақшасында «Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде тәрбие-оқыту үдерісінің білім берушілік салаларының сабақтастығы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинардың жұмысына облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогі қатысты.
Семинардың пленаралық бөлімінде Павлодар облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Байдалина Ғалия Сағындыққызы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері  Барамбаева Бағдат Серікқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Нұрғалиева Сара  Дүйсенбайқызы, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы Мешітбаева Гүлмира  Айтжанқызы сөз сөйледі.
            Семинарға қатысушылар 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының  басым бағыттарын талқылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселе айқындалды. Мектепке дейінгі білім беруге  STEM-оқытуды енгізу, «Әліппе» апробациясы туралы, облыстың апробациялық алаңшаларындағы оқу-әдістемелік кешендер туралы мәселелер қарастырылды.  Тәжірибелік бөлімде педагогтердің «Рухани жаңғыру» және жаңартылған бағдарлама бойынша кіріктірілген сабақтарды өткізу тәжірибелерінен шеберлік сағаттар, презентациялар ұсынылды.
      Семинардың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.